Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Қазақ әліпбиінен латынға көшу уақыт талабы» кездесу кеші

Аудандық орталық кітапханада «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа белесі» жобасы аясында «Қазақ әліпбиінен латынға көшу уақыт талабы» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары: Білім саласында көп еңбек еткен, тарихшы, кітапхананың зейнеткер оқырманы: Сапарбеков Алтынхан, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық филиалының төрағасының орынбасары: Садралиев Әзіретәлі қатысты.Кештің негізгі бөлімінде «Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары» тақырыбында әңгіме өрбітті.