Жазушы Баққожа Мұқайдың 70 жыл толуына орай «Жазушы еңбегі – халықтың рухани азығы» тақырыбында сыр сандық кеші Ю.А.Гагарин атындағы 7 сынып оқушылары арасында өтті. Кеш қонағы: Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің кітапханашысы М.Иманқұлова, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Байкеева Гауһар Қойлыбайқызы,Ю.А.Гагарин орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Шакибекова Айдана Қазыбекқызы қатысты. Шарада «Өнегелі өмір шұғыласы» тақырыбында Б.Мұқайдың шығармаларына арналған сұрақтар қойылып, белсене қатысқан оқушылар: Ш.Ерлан, З.Амантай, А.Жақсылық, Ж.Пердешов, Н.Мырзахмет, Н.Абдуллаева, А.Байшақан нақты жауаптарын айтып отырды.