Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Совет Әлімқұловтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мәнерлеп оқу байқауы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» базалық бағытын жүзеге асыру барысында Совет Әлімқұловтың өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында Жамбыл аудандық орталық кітапханасы және аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті балалар ақыны Совет Әлімқұловтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

 

Іс-шараға шақырылған құрметті қонақтар, өлкеміздің мақтаныштары танымал тұлғалар: ақынның жұбайы Ахметова Сара, ақынның қарындасы Әлімқұлова Серікгүл Сүлейқызы, жергілікті ақын, фантаст-жазушы Байтанағали Төлентаев, қаламгер, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторы Сансызбай Бертайұлы Махамбетқұлов, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Байдалиев Асқар Маратұлы, кітапхана оқырмандары №1 орта мектебі, Юрий Гагаринкітапхана оқырмандары, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 10-15 жас аралығындағы оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, мәдениет әншілері Ғарифолла Лұқманов пен Нұрила Исаева ақынның сөзіне жазылған «Балалар соғысты көрмесін», «Ұмытып кетпе мені» әндерін шырқаса «Илигай» қобызшылар ансамбілінің орындауында Арно Бабаджанянның «Танец» шығармасын орындады. Байқаудың қорытындысы бойынша 7 «ә» сынып оқушысы Шалабек Аяжан I -ші орынды иеленді ( Б. Момышұлы атындағы орта мектебі), 7 «ә» сынып оқушысы Құлбатырова Нұрила II –ші орын (Ю. Гагарин атындағы орта мектебі), 6 «а» сынып оқушысы Орынбасар Айгерім II –ші орын (Б. Момышұлы атындағы орта мектебі), ІII – орынды Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушылары Раджапова Нұрай мен Қарабек Нұрай бөлісті.