2014 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхан байқауында» Бектөбе ауылдық кітапханасы ІІІ - орынды иеленді.
2014 жылы қыркүйек айында өткен «Жыл маманы» облыстық байқауында Ерназар ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі Умиралиева Айгерім жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
2014 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Балалар кітапханалары өлкетану жұмысын дамыту орталығы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған аудандық әдістемелік қызмет жетекшілері және балалар кітапханалары мен бөлімдерінің кітапханашылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.