2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл аудандық орталық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдыларымен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында, аймақтық семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхананың Webсайтының ашылу рәсімі жасалды. Рәсімді облыстық Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Э. Абдинова мен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің баcтығы А.Байдалиев орындады.
2017 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын іс-тәжірибелік семинары биыл Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Инновациялық жобалар - кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» тақырыбында өтті. Семинарға «Кітапханалық дебют» жас кітапханашылардың авторлық жобалар жәрмеңкесінде тың идеялар мен инновациялық жобаларды ұсынып, белсене қатысқаны үшін Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Алғыс хатпен марапатталды және «Кітапханашы құзіреттілігі және шынайлылық» іскерлік ойынында шығармашылық ой еркіндігін көрсете білгені үшін «Шығармашыл кітапханашы» аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасын, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып Жамбыл аудандық орталық кітапхана «Ауылдың тарихи шежіресі» аудандық өлкетану байқауын жариялады. Байқауға ауылдық кітапханалар қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді.
І кезең - «Ауылдың тарихи шежіресі» - әдістемелік құрал байқауы.
ІІ кезең - іс - шара байқауы.
Іс –шара байқауы бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Бұл байқау қазанның 5-нен қараша айының 24-і аралығында өтті.
Әр ауылдық кітапхана байқау барысында іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалғанын, сонымен қатар әр ауылда жылдан-жылға кітапхана оқырмандарының саны ұлғайып келе жатқанын дәлелдей түсті.
Әділ-қазылар алқасының шешімі:
І кезең бойынша:
Бас жүлдені - Бектөбе ауылдық кітапханасы иеленді (түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қаратау ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Жалпақтөбе ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Шайдана ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Белсене қатысқаны үшін бұл номинация бойынша Ерназар, Жұма, Гродеково ауылдық балалар, Шайқорық, Пригородное ауылдық кітапханаларына алғыс жарияланды.
ІІ кезең – бойынша:
Бас жүлдені-Гродеково ауылдық кітапханасы иеленді(түрлі-түсті 3/1 принтер)
І орынға – Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы (принтер)
ІІ орынға – Тоғызтарау ауылдық кітапханасы (ламинат)
ІІІ орынға – Ақбұлым ауылдық кітапханасы (фотоаппарат)
Бұл номинацияда Бірлесу - Еңбек, Түрксіб ауылдық кітапханаларына алғыстар жарияланды.