2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері күндерінің қорытындысы бойынша «Позитив кітапхана-позитив ұжым» номинациясы бойынша марапатталды.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 6 қыркүйекте «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» атты облыстық кітапханашылар байқауының 1 орын иегері Хожамқұлова Замира Дүйсенғалиқызы марапатталды.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Ел рухын көтерген Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Кітапханашы-ХХI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы-2018» байқауында серпінді және сапалы дайындық көрсеткені үшін «Жігерлік» номинациясы бойынша Бектөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ташкенбаева Калима Халмухамедқызы марапатталды
2018 жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша мәліметтерге жедел, сапалы түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылып, бүгінгі күнге 18 орталық халыққа қызмет көрсетеді. Ашылған орталықтарда egov.kz электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамалар және Жамбыл ЦАО мәліметтер сайты арқылы берілетін әлеуметтік маңызды ақпараттарқолжетімді болды.
«Нұр Отан» партиясы қолға алған «Қазақстанның кітапханалары» жобасы негізінде еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталығына айналдыру мақсатында 2018 жылы Айшабибі ауылдық кітапханасынан, 2019 жылы аудандық орталық кітапханадан білім орталықтары (коворкинг) ашылды. Ашылған күннен бастап жастар шығармашылық жұмыспен шұғылданып, ғаламтор жүйесін пайдалануда және мерзімді басылымдардағы жаңалықтармен танысуда. Қолөнер шеберлері, домбыра үйрену, ақындыққа баулу үйірмелері жұмыс жүргізіп, ағылшын тілі сабақтары тегін оқытылады. Сонымен қатар, орталықтарда жастардың қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде.
Кітапхана өз жұмысында қатардағы күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануды назардан тыс қалдырмайды. 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, қоғамға кіріктірумақсатында зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлім ашылды. Бөлімнің кітап қоры 134 дана, оның ішінде: 72 бедерлі-нүктелі әдебиеттер, 42 дыбыстандырылған аудиокітаптар, 20 дана жайпақ-баспалы әдебиеттермен толықтырылған. Бөлімде зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға, «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» филиалы қызмет алушыларына, психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті мекемесінің тәрбиеленушілеріне, барлығы- 132 оқырманға қызмет көрсетілуде.