Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
2021 жыл

2021 жыл Жамбыл облыстық Арнайы Кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Ерекше балалардың ерекше әлемі» атты облыстық байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылған зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Жарылқасын Жұлдызай Уәлиханқызы 1ші дәрежелі дипломмен марпатталды.

2021 жыл Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар» республикалық байқауының жеңімпазы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының кітапханашысы Жарылқасын Жұлдызай Уәлиханқызы 2 орын дипломымен марапатталды.

2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында «Әлемді кітап арқылы таныимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында өткен «Әлдихан Қалдыбаев» облыстық байқауда Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының белсенді оқырманы Ешназар Гүлдария бас жүлдені иеленді.

2021 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен а.ж 11-16 қазан аралығында «Ең үздік ауылдық кітапхана - 2021» облыстық байқауға Бектөбе ауылдық кітапханасы қатысып, 1-ші орынды иеленді.