2023 жылғы 16 мамыр күні халықтың кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық жобасының «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» бағыты бойынша Мойынқұм ауданында «Туған өлкенің мерейтой иелері» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырып, кітапхана ұжымы Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Зағиптар мен көзі нашар көретін арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың туғанына 100 жылдығына орай «Белые журавли:
исповедь Расула Гамзатова» Халықаралық онлайн байқауына белсене қатысқаны үшін Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқарамасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы-алтын діңгек» облыстық отбасылық байқауында Гродеково ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы
Гүлшат Кайпназарова Амзеевтер отбасын дайындап, жүлделі II орынды иеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Саусақ ұшындағы инклюзия» облыстық байқауында Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында және Жамбыл ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған ата-ана мен бала қарым қатынасын жетілдіру
мақсатындағы «Ана мен қыз» аудандық отбасылық байқауында Гродеково ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлшат Кайпназарова I орын иеленіп, дипломмен және сертификатпен марапатталды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұйымдастырған "Ерекше кітаптар әлемі" жобасы аясында "Саусақ ұшындағы инклюзия" республикалық байқауында Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызы бас жүлде иеленді.
2023 жыл Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауының Бас жүлдесін Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» жүлдесін иеленді.