Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
2024 жыл

2024 жылы 6 наурызда «Аkberen» - Ақберен республикалық танымдық – шығармашылық журналы ұйымдастырған Республикалық «Абай оқулары» конкурсына аудандық орталық кітапхананың оқырмандары қатысып, Бас жүлде- Нұрзат Камила, І – орын Жаңабек Бақкелді мен Жамбылбек Тоғжан иеленді.

2024 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен өткен ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары байқауының облыстық кезеңіне Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы Жамалбек Мерей қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

2024 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалінде «Оқуға құштар оқырман» - оқу марафоны бойынша өңір кітапханалары оқырмандарының арасынан таңдалған 2023 жыл ішінде «Ең көп кітап оқыған оқырман» ретінде Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхананың үздік оқырманы Қуатов Ералы жыл ішінде 62 кітап оқып, «Үздік оқырман» номинациясымен марапатталды.

2024 жылы 23 мамырда Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырған "Тарихыңды таны- тұлғаңды құрметте!" облыстық жас зерттеушілер байқауында Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы Үсенбай Жанел "Туған өлкем - ғажап, әрі көркем! Туризм табыс көзі" тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі екінші орынды иеленді.

2024 жылы 24 мамырда Тараз қаласындағы "Қазақ соқырлар қоғамы" ұйымдастыруымен өткен "Эрудит" интеллектуалды сайысында Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің оқырмандары ІІ орын иеленді.

24.06.2024 ж. Жамбыл аудандық зағип көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімнің тұрақты оқырманы Құралай Шөпшекова "Әлемді қолмен сезіну" жоба аясында Л. Брайль жүйесі жазу және оқу әдісі бойынша үйрету сабақтарына белсене қатысқаны үшін Қазақ соқырлар қоғамының Жамбыл облысы филиалы Алғыс хатымен марапатталды.

7.10.2024ж. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш ұлдары - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай "Үш арыс,Үш бәйтерек" шығармашылық байқауында Жамбыл ауданы Шайдана ауылдық кітапханасының оқырманы Жанболат Бақытұлы Бас жүлдені иеленді.

6.09.2024ж. Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» облыстық байқауында жүлделі ІІ-орынды Арықбаевтар отбасы (Жамбыл ауданы) иеленді.

23.10.2024ж.Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітапхана көшбасшысы -2024" облыстық байқауда Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамкулова Замира Дуйсенғалиқызы жүлделі 1- орынды иеленді.

14.11.2024ж. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана және өңірдің мәдени кеңістігі» кітапханалық конвент Т.Рысқұлов ауданында өтуде. Осы орайда Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамкулова Замира Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының Алғыс хатын иеленді.

14.11.2024ж. Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Туы биік, тұғыры берік-Жамбыл елі» облыстық байқауында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жүлделі ІІ орынды иеленді.

2.12.2024 ж. Жамбыл ауданы әкімінің жастарға арналған «Жыл үздігі- 2024» сыйақысын, “Мәдениет саласының үздік маманы” номинациясы бойынша Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамкулова Замира иеленді.