Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
2025 жыл

2025 жылдың  сәуір айында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауында кітапхана оқырманы Жаңабек Бақкелді 3-ші орын иеленді.
2025 жылдың сәуір айында «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында Айша бибі ауылдық кітапханасының оқырманы Жамалбек Мерей Бахтиярқызы 1-орын иеленіп, дипломмен марапатталды және үздік жұмысы үшін 2025 жылдың 10 мамыр күні Астана қаласында өтетін «Мақатаев оқулары» дарынды оқушылар форумына қатысуға жолдама алды.
2025 жылдың сәуір айында республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында Өрнек ауылдық кітапханасының оқырманы Төре Абзалбек 1-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
2025 жылдың сәуір айында республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында Қызылқайнар ауылдық кітапханасының оқырманы Жанерке Абдрахман 1-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
2025 жылдың 16 сәуірінде «КІТАП – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» Аulieata book республикалық кітап фестивалінде Жамбыл аудандық орталық кітапханасының зейнеткер оқырманы Еркеева Кулдана Жунисовна ҮЗДІК ОҚЫРМАН атанды.
2025 жылдың 17 желтоқсанында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу жобасының қорытынды іс-шарасында кітапқа деген сүйіспеншілігімен, үздіксіз ізденісімен және белсенділігімен ерекшеленіп, өз ортасына кітап оқуды үлгі еткен ең көп кітап оқыған аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Рыспаева Биғайша  «Үздік оқырман» номинациясымен марапатталды.
«Ең үздік ауылдық кітапхана – 2025» облыстық байқауында Бас жүлдені Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылдық кітапханасы иеленді.
Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» облыстық шығармашылық байқауында  14–21 жас аралығында  “Бас жүлде” жеңімпазы Шайдана ауылдық кітапханасының оқырманы Досым Абай және 22–35 жас аралығындағы І орын жеңімпазы аудандық орталық кітапхананың оқырманы  Әбдіқапарова Ғалия салтанатты түрде марапатталды