Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында салт- дәстүрге бағытталған «Дәстүр жаршысы» сұхбат кеші
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында салт- дәстүрге бағытталған «Дәстүр жаршысы» тақырыбында сұхбат кеші Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларының арасында өтті.
«Ұлылығымызды дәріптеу-жаңғырудың алғы шарты»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы аясында салт-дәстүрге бағытталған «Ұлылығымызды дәріптеу-жаңғырудың алғы шарты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның шәкірттерінің қатысуымен өтті.
«Балалардың тағдырын жазған жазушы»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Балалардың тағдырын жазған жазушы» тақырыбында әдеби серуен ауыл тұрғындары арасында өтті.
«Теріс қылық пен құқық бұзушылық»
Аудандық орталық кітапханда жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып оларды экстремистік және ланкестік бағытта арандатуға жол бермеу,жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру мақсатында «Теріс қылық пен құқық бұзушылық» тақырыбында сұрақ-жауап кеші өтті. Кешке аудандық мешіттің наиб-имамы Жұмағулов Жандос, «Жастар ресурстық орталығының» теолог-кеңесшісі Құрманбеков Еркебұлан Есенғалиұлы және аудан жастары қатысты.
«Нашақорлық- қауіпті індет, алдын алу –міндет»
Аудандық орталық кітапхана мен Аудандық орталық емханамен бірлесіп Нашақорлыққа қарсы күрес барысында «Нашақорлық-індет, алдын алу –міндет» атты дөңгелек үстел жастар тәжірибесі бойынша мамандардың қатысуымен өтті.
«Жастар салауатты өмір салтын қолдайды»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты тренинг өтті.



















