Қолөнер шеберлері клубының мүшелерімен «Оюмен ой атқан елміз» тақырыбында «Халық өнері-асыл қазына»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында салт-дәстүрге бағытталған «Оюмен ой атқан елміз» тақырыбында «Халық өнері-асыл қазына» атты қолөнер шеберлері клубының мүшесі Ш.Қарғабаева мен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шәкірттері мен жастар тәжірбиесі бойынша ағылшын пәнінің жас маманы Сейдіғали Құралай Фазылханқызының қатысуымен сұхбат өтті.
«Тәуелсіздік таңы мәңгілік»
Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқушыларының қатысуымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» тақырыбында поэзиялық батл өтті. Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мерекеге жиналған қауым мемлекеттік Әнұранды қолын жүрегіне қойып тыңдап, қосыла шырқап, тәуелсіздікке арналған әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген Жанатбек Бағдәулеттің орындауында Құрманғазының «Арба соққан», Рахманберді Нұрзаттың орындауында Дәулеткерейдің «Түркімен күйі» атты күйімен ашылды. Кеш балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы З.Хожамқұлованың және Қазыбек Ақтолқынның орындауында «Туған жер» әндерін әнін орындаса, Гагарин атындағы орта мектеп-лицейінің 5- сынып оқушылары: Әбу Малика, Досан Маржан, Әбдірахман Әйгерім тәуелсідікке арналған арнауларын көпшілікке мәнерлеп оқып берді. Кеш барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі слайд арқылы көрсетіліп, «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық қарауға библиографиялық шолу жасады.
Ұлы Даланың жеті қыры
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын талқылау отырысы өтті.
Еңбекпен өрілген өмір
28.11.2018 жылы Айшабибі ауылдық мәдениет үйінде Айшабибі ауылдық кітапхана меңгерушісі С. Мусралиеваның ұйымдастырумен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Еңбекпен өрілген өмір" атты тақырыбында "Туған жер" бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет.
Коворкинг орталығында
Айшабибі ауылдық коворкинг орталығында қолөнер алаңында құрақ көрпе құрау технологиясы және құрақ дайындау әдістерін үйрену жұмысы жүргізілуде.
Коворкинг орталығында
Айшабибі ауылдық коворкинг орталығында жастар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында шахмат, тоғызқұмалақ, шашка, дамино ойындарын ойнауда.



















