«Әдемілік әлемнің жаршысы»
Аудандық орталық кітапханада «Сырласу қыз-келіншектер» клубы мүшелерінің қатысуымен «Әдемілік әлемнің жаршысы» атты кеңестер сағаты жас қыз-келіншектер арасында өтті.
«Бір ел – бір кітап» акциясы
«Бір ел-бір кітап» акция аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, ақын, драматург, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың «Лирикалық өлеңдері» бойынша «Қазақ әдебиетінің тұлғалары»тақырыбында өткен ашық есік күні ауыл жастары мен ауылдық кітапханашылар арасында өтті.
«Қыранға құмар тұлға»
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қыранға құмар тұлға» тақырыбында сұхбат кеші Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 9 «А» сынып оқушыларының арасында өтті.
15 мамыр күні Талас ауданында өтетін аумақтық кластерге шақыру бойынша хат пен бағдарлама
9-мамыр Жеңіс күніне орай «Өшпес тарих тағылымы» әдеби –сазды қойылым
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 9-мамыр Жеңіс күніне орай Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына «Өшпес тарих тағылымы» әдеби –сазды қойылым «Аса» - дайындық білім беру орталығының шәкірттерінің қатысумен өтті.
«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталық» кітапхана күндері»
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталық» кітапхана күндері аясында Жамбыл ауданы Шайдана ауылдық кітапханасының «Талаптың мініп тұлпарын» атты поэзия кеші өтті.



















